Балалардың бал мекені "Балдырған" шағын орталығына-10 жыл!
Бала деген – болашағы даланың
Бала деген қуанышы ананың
Егер бала тәрбие алса данадан
Биік шыңнан көрінеді әрқашан!!!!
«Балдырған»шағын орталығы 2010 жылы Абылайхан атыңдағы орта мектеп жанында ашылды. Биыл ашылғанына биыл -10 жыл толды. Мектеп директоры Гульмира Маханқызы Хасенова мен ауыл әкімі Әлімжан Амангелдіұлы Ахметов шағын орталықтың ашылуына үлкен үлес қосты. Шағын орталықта тұңғыш тәрбиешелеріміз: мейірімді де, инабатты Роза Амирханқызы Данаева мен Шынар Какимқызы Калиева, меңгеруші қызметін Л.А.Касымова атқарды. Осы жылдар арасында қажырлы еңбек еткен, ұлағатты ұстаз психолог С.К. Калиенованың еңбегі зор. Сарқыт Құсмановна әрбір баланың ішкі жан дүниесін түсініп, жылуын сыйлап, ақжарқын жүзімен қуанта білді. Қазіргі таңда С.К Калиенова – ардагер ұстаз. Он жыл бұрын тәрбиеленген кішкентай бүлдіршіндеріміз қазіргі таңда 9-сынып оқушылары. Тәрбиешілердің саналы тәрбие, сапалы білімін бойларына сіңірген бүлдіршіндеріміз, оқуда және және қоғамдық жұмыстарда өздерін жақсы жағынан көрсетуде.
Бүгінде шағын орталықтың аясы кеңейді. Мектеп директоры Д.Д Калиевтің қолдауымен шағын орталықта толық күнді топтар ашылды. Сонымен қатар штаттық кестеміз де ұлғайып, әр-түрлі маман иелері жұмыс жасауда. Әр топтың жас ерекшелігіне байланысты бөлмелер жабдықталған. Қазіргі таңда тәрбиешілеріміз жаңа технологяларды пайдаланып балаларға жан-жақты тәрбие беруде. 2010-2020 жылдар аралығында тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер аудандық, облыстық, республикалық көптеген сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеу- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі бүлдіршін - ертеңгі ұрпақ дегендей бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, тәрбиелі азамат, білімді тұлға болып өсу, еліміз үшін биік мәртебе! Осы мәселені жандандыру барысында әр тәрбиеші еліміздің гүлденуіне үлес қосса, нұр үстіне нұр болар еді.
«Балдырған» шағын орталығының 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!