Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология» орталығы 2020 жылдың 25-29 қыркүйек күндері аралығында Ақмола облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Қазақстан менің болашағым!» сырттай ғылыми жұмыстар мен жобалар байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Байқаудың мақсаты: Өлкетану және зерттеу саласында талантты балалар мен жастарды, педагогтарды қолдау.
Міндеттері: Оқушылар мен оқытушылар арасында патриотизмді, туған өлкенің тарихи және тарихи мәдени мұрасына мұқият қарауды тәрбиелеу...
Облыстық байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тарих мұрасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Байқауға барлығы 30 қатысушы қатысты. Қатысушылар «Қазақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Киіз үй – ғаламның моделі» сияқты номинациялар бойынша өздері видеобейне түрінде дайындаған жұмыстарын ұсынды.
«Қазақстан менің болашағым» сырттай ғылыми жұмыстар мен жобалар байқауының қортындысы бойынша
«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша Бурабай ауданы Абылайхан атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ахметбекова Еркежан 2-орынға ие болды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Калиева Назым Нусупхановнаға қажымас қайрат,талмас қанат, еңбегіне жеміс тілейміз.