Текст
Мектебімізде " Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"атты әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты:
Қазақ поэзиясын мұзбалағы атанған ақынның өмірі,шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту,ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру.Ақын өлендері арқылы оқушылардың халқына,тілге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.