Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында 2024 жылғы 7 -9 ақпан күндері аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық "Ясауитану-2024" және «Мәшһүр-Жүсіп оқулары»байқауының облыстық кезеңі өткізілді.Байқауға Бурабай ауданынан 6 оқушы қатысты.Нәтижесінде “Мәшһүр оқулары “байқауы бойынша “Бас болып, өнер білсең , тіпті жақсы номинациясы бойынша ғылыми жоба қорғаудан Қызылағаш ауылынының 10-сынып оқушысы Майканова Дильназ -ІІ жүлделі орын, “, “Алдыма өлең жаз деп қағаз келген,сөзімді сөйлей бақтым мен де білген” номинациясы бойынша өз шығармашылығынан 10-сынып оқушысы Шаймұратова Жұлдызай жүлделі -ІІІ орын иеленсе , “Яссауитану-2024 “ байқауы бойынша хикметтерін жатқа айтудан 11-сынып оқушысы Өтелбаева Әйгерім мақтау қағазымен марапатталды .
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз! Жетекшісі: Кобенова Гулмира Сакеновна