"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Robotek Grand Tournament-2024»

05.02.2024

1-ші ақпан 2024 жылы Көкшетау қаласы «Bolashaq saraiy» сарайында «Robotek Grand Tournament-2024» «Ақмола дарыны» орталығының ұйымдастырумен робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.
Бурабай ауданының намысын Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 оқушысы қорғады және жүлделі нәтижелер көрсетті. «Роботек» санаты бойынша 2 орын <Armada> командасы 5 сынып оқушылары Асанбай Ілияс және Кәдірбай Нұржігіт; «Инверстік сызық бойымен жүру» санаты бойынша 2 орын < Redwood > командасы 4 сынып оқушысы Қалыбек Нұртас және 6 сынып оқушысы Белгибай Амиржан; «Туды жеткізу» санаты бойынша 2 орын <Айтишниктер > командасы 11 сынып оқушылары Қаппасов Дидар және Кәдірбай Нұрәлі; «Мерген» санаты бойынша 3 орын <Redwood > командасы 11 сынып оқушылары Жеңіс Дидар және Дюсенбаев Мирас;
Жүлделі 1-ші орын алған «Жеткізуші робот» санаты бойынша 8 сынып оқушылары Қайрат Мадияр және Амантай Әуез. Астана қаласында өтетін Республикалық <Robotek Grand Tournament- 2024> чемпионатқа жолдама алды. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! жетекшісі : Абильжанов Нуржан Галиевич.@abylaikhan_roboclub
#біртұтас_тәрбие
@aqmoedu
@burabaybb

Просмотров: 2623


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст