Текст
9-10сыныптары арасында жоспар бойынша «Рәміздерім – мақтанышым» атты тақырыптық дәріс-сағаты өтті.Мақсаты: Балалардың мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің тарихтағы маңызы жайлы деректермен таныстыру.
Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан Қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді.Өткізген: Шалабаева Ш. К., Кайталова А. Д.