Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының ЖОББМ-нің 4 сыныбында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен оқыған бір ертегі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты : Кітаптың мәртебесін көтеру, кітап оқуды сәнге айналдыру, өмір бойы өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау. Мән - мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көзқарастарын білдіруге үйрету. Оқушы бойындағы адамгершілік қасиетті дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту болды.
Сабақ «Ертегілер» әнін айтумен басталып, ертегі кейіпкерлерімен топқа бөлінді. Оқушылар ертегі кейіпкері болып киініп өздерін таныстырды. Ертегі туралы білімдерін постерға салып қорғап, ертегі елінен келген «Хатшы Көгершіннің» түрлі тапсырмаларын орындап қызыққа батты. «Ертегіні құра», «Кейіпкерді көзінен таны», «Жасырын ертегі» сияқты қызықты тапсырмалармен жалғасып, сабақ соңында оқушыларға тосынсый жасалды. Ертегі кейіпкерлерімен түскен суреттерін сыйға алды. «Кітап оқудың 7 – пайдасы» туралы айтылды.
4 – сынып жетекшісі Махатова Б.Ж
#біртұтас_тәрбие
#medetbekovameruert
@aqmola.oblysy.birtutas_tarbie
@burabaybb