Текст
«Даналық мектебі» жобасы аясында құрылған «Ата өсиеті» клубының жоспарға сәйкес алқалы жиыны өткізілді. Шежірені, әулет тарихын білудің, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін талқылау мақсатында, «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»атты дөңгелек үстел өтті. Іс- шараға ауылымыздың ақсақалдары қатысты. Іс- шара барысында өсіп келе жатқан балаға шежіре, әулеттің тарихы туралы кім айтады? Ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынасты кім реттейді? Жеті атаны кім үйретеді? деген сұрақтар қарастырылып , аталарымыз өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Іс- шара өте мағыналы ,тартымды өтті.