Текст
2023 жылдың қыркүйек айының 5 жұлдызында «Тіл –татулықтың тірегі» атты тақырыбында тілдер мерекесіне орай
апталықтың салтанатты мерекелік ашылу кеші өтті. Сахна шымылдығы мың бұралған биші қыздарымыздың әсем биімен ашылды. .Кеш барысында тақырыпқа сай көркем безендірілген мереке сахнасында талантты да өнерлі, білімді шәкірттеріміз , өнерлерін ортаға салып, тіл туралы өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.С.Қожанов оқушылармен «Кім жылдам» атты викториналық сұрақ-жауап ойынын өткізіп, оқушылар үш тілде білімдерін ортаға салды. Мерекелік іс-шара тартымды да көңілді және жақсы деңгейде өтті.