"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»

17.05.2023

«Абай оқулары және Махамбет оқулары»
2023 жылдың 10 сәуірінде ұлы ақындардың рухани мұрасына , поэзияға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу , шығармаларын толыққанды насихаттау мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандырылған мектеп-интернатының базасында ХХІІІ «Абай оқулары» және ХІҮ «Махамбет оқулары» байқауы өтті. Байқаудың 6 бағыты бойынша 8-11 сынып оқушылары арасынан 100- ден аса оқушы қатысты.
Байқауға Абылайхан атындағы орта мектептің 9- сынып оқушылары 3 номинация бойынша бақ сынасып, білімдерін сарапқа салды. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Серік Аяжан, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда » номинациясы бойынша Шаймұратова Жұлдызай сертификат иеленсе, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары » номинациясы бойынша Дәулет Іңкәр – 1 орын иеленді.
Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Әрдайым білімнің биік шыңынан көрініп,болашақтарың жарқын болсын! Республикаға жолдама алған Дәулет Іңкәрға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 1616


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст