09.01.2023
2022 жылдың желтоқсан айының 14-і күні Абылайхан атындағы жалпы білім беретін орта мектебімізде «Тәуелсіздік –тұғырым» атты тақырыбында 9-11- сынып аралығында кездесу кеші өтті . Өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық рух пен әскери өмірге қызығушылығын ояту және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш кездесуге желтоқсан оқиғасының куәгері Қасымов Жанат Сәбиұлы қонаққа келді.
Кездесу кеші барысында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, Жанат ағайға оқушыларымыздың дайындаған бірнеше сұрақтары қойылды. Кеш қонағы Жанат Сәбиұлы желтоқсан оқиғасында басынан өткерген естеліктермен бөлісіп, осы оқиғаға қатысты қойылған оқушыларымыздың сұрақтарына жауап берді. Сұхбат барысында Жанат ағай тарихқа шынайы бағасын бере отырып, қазіргі Тәуелсіздігімізді қадірлеп,оны келер ұрпаққа аманат қылуды ұлағат етті. Тәуелсіздік біздің бар байлығымыз екенін жастарға ұғындырып, өз бастарынан өткен қиыншылықтарымен бөлісті.. Кеш соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аухаева Алма Тополевна желтоқсан тағылымынан сыр тарқатып, сырлы сұхбат берген қонағымызға алғысын білдірі , арнайы естелік ретінде шағын сыйлық табыстады .
