10.12.2019
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тұнғыш Президент» күніне арналған «Жас батыр-2019» атты тақырыбында Абылайхан атындағы орта мектеп жанындағы «Балдырған» шағын орталығында «Күншуақ» тобының тәрбиешілері Лекерова Ж.М , Махамбетова А.Б тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнер көрсету, тапқырлық сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту өзара мәдениетін сөйлеуге баулу. «Жас батыр-2019» сайысына 4 бүлдіршін қатысты. Сайыс бес бөлімді қамтыған байқау барысында кішкентай сайыскерлер өз өнерлерімен көпшілікті таңқалдырды.
Атап айтатың болсақ:
Канат Жарқын - «Биші жігіт», Тасболат Нурболат - «Өнерлі жігіт» , Куаныш Мустафа - «Ақылды жігіт» номинацияларымен марапатталдды.
Жүйріктен жүйрік өзара жарысқанда,-демекші бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы
Нұрали Нұрислам «Жас батыр-2019» атағына ие болды