"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыр толқыны

10.12.2019

Қарашаның 15-ші жұлдызы күні сағат 15.00 де Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Жыр толқыны» атты поэзия кеші өтті. Бұл кеште Ауданымыздан Бекетай  Баян Ахатайқызы бастаған «Жас дарын» тобынан ақын-жазушылар  және олардың балалары келіп өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға ұтымды жауап беріп, өз шығармашылықтарынан өлең жолдарын оқыды. Бурабай газетінің тілшісі Жеңіс Кәріп, Балдәурен РОСО қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Калиева Салтанат Сағынайқызы,  Шырын және Мадияр атты оқушылар қонақтар болды.  Сондай-ақ Туған жер, ауыл туралы әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілеріміз би билеп, Ахметбекова Еркежан өз елімізден шыққан ақын Нұрмияш Көбеновтың «Биші қайың »поэзиясын оқыды. Ауданнан келген қонақтарымыз да әсем әндерін шырқап, бойды әсем-әнмен, тәтті күйге тұндырды.  Іс-шара өте ауқымды, әрі көңілді өтті.

Просмотров: 426


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст