«Жыл басы- Наурыз!»
22 наурыз -Ұлыстың Ұлы күні. Бұл мереке
табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз достық,еңбек,бейбітшілік мерекесі.Ұлыстың ұлы күні
адамдар бір - біріне деген реншісін
ұмытып, өзіне де,өзгеге де жақсылық тілейді.
Бұл күні әртүрлі іс шаралар
өткізіліп,қазақ халқының салт дәстүрін көрсетіп, қастерлейтін ерекше мереке
болып саналады.
Осы орайда Абылайхан атындағы орта мектептің «Балдырған» шағын орталығының «Күншуақ» және
«Еркетай» тобында «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке
аталар мен әжелеріміз шақырылып, немерелерімен бірге ұйымдастырылған іс-шараларға
қатысып,әжелеріміз баланы «Қырқынан шығару» салт- дәстүрін көрсетті.Тәрбиешілер
балаларға түрлі ұлттық ойындар, асық ойнау, арқан тарту ойындары ойнатылды.
Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп,өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Атап айтсақ, Исабек Мадияр мен Жұмабай Ажар атты
бүлдіршіндеріміз қазақ халқының
айтыс өнерін дәріптеп,бірі-бірімен шебер айтысып, көрермендер көңілінен
шықты. Ертеңгілігіміздің соңында балаларға ұлттық тағамымыз наурыз көже
ұсынылып, әжелеріміз ақ тілектерін айтып, баталарын берді.
Наурыз
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың.
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.
Қорыта келе: Отанымызға береке,халқымызға игілік,мемлекетімізге молшылық,әр шаңыраққа
бақыт пен шаттық тілей отырып,еліміз өркен жайып,Наурыз баршамызға сәттәлік
алып келсін.