"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.05.2017

Қауіпсіз Интернет

10.04.17-21.04.17 жыл аралығында Абылайхан атындағы орта мектепте ақпараттық науқан бойынша «Қауіпсіз интернет» апталығы өтті.  Сынып жетекшілер мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар аралығында «Интернет дегеніміз не?», 1-11 сыныптар аралығында  «Пайдалы және қауіпсіз интернет» атты сынып сағаттары өтілді. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары ретінде 12.04.16 күні мектепішілік «Интернет дегеніміз не?» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізілді. 

      Апталық жұмыс кезеңінде Тогубаева А. Қ. және Абильжанов Н. Г.  ұйымдастыруымен барлық сыныптар арасында «Интернет» атты флешмоб, «Желімен байланысқа түсудегі мәдениеттілік» тақырыбында шығарма сайысын өткізді. Информатика пәнінің ұстазы Абильжанов Н.Г.«Менің өмірімдегі интернет» шығармашылық сайысын, мектеп инспекторы мен әлеуметтік педагогтер «Оқушының интернетке тәуелділігін алдын-алу» түсіндіру жұмыстарын, мектеп психологі Макенова Ж.С. «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты тақырыпта 7-9 сыныптар арасында дебат өткізді. 21.04.17 күні сағат 10:10  апталықтың жабылуы мақсатында «Қауіпсіз интернет» науқанының жабылу жиыны өткізілді.

    Өткізілген шаралардың барлығы оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды «қауіпсіз интернет» ұғымы туралы көптеген ақпараттармен танысып, ол туралы түсініктің қалыптасуына септігін тигізді деп ойлаймыз


Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст