"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.05.2017
Щучье қаласы, Арман орталығында Отан қорғаушылар күніне арналған және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Біз еліміздің ұланымыз» атты ер балалар арасында аудандық байқау өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты білікті де білімді Қазақстан патриотын тәрбиелеу. Осы байқауға Абылайхан орта мектебінің 4 сынып оқушысы Мұханбетқалиев Мадияр қатысты. 
Байқау 3 кезеңнен тұрды 
1 - кезең «Таныстырсам өзімді» 
2 -кезең «Білгенге маржан» 
3 – кезең «Сегіз қырлы бір сырлы» 
Ауданымыздың әр өңірінен келген талантты ұландарымыз болашақ Қазақстан елінің нағыз болашақ Отан қорғаушылары екендігін көрсетті. 
Байқау қорытындысы бойынша Мадияр топ жарып 1 орынға ие болды. «Таныстырсам өзімді» кезеңінде өлең шумақтарымен өзін таныстырып өтті. Сондай – ақ Мадияр ән орындап, сұрақтарға ұтымды жауап беріп көпшіліктің көңілінен шыға білді
Просмотров: 398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст