Текст
5-мамыр күні Абылайхан атындағы орта мектебінде Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай оқушыларды өз Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектепішілік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға ауылымыздың сонау сұрапыл жылдары тылда еңбек еткен ардагерлеріміз шақырылды. Іс-шара барысында мектебіміздің оқуда үздік, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысатын оқушыларымызды «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына қабылдап, ардагерлер оқушыларға «Жас Ұланның» көк түсті галстугы мен төсбелгісін табыс етті. Мектеп директоры ардагерлерге арнап ізгі тілегін білдірді.Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты. Ардагерлер жасұландықтарға, сонымен қатар мектеп түлектеріне ақ батасын берді.