Жеңіс күнін тойлайық!
Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз!
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бейбіт өмір сыйлаған,
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс!
Міне, ұлы отан соғысының жеңіспен аяқталғанына жетпіс екі жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Абылайхан атындағы орта мектебіндегі «Балдырған» шағын орталығында ұлы жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының негізгі мақсаты: ұлы жеңісті дәріптеу, бүлдіршіндерге өз отанына, туған елі, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбие сағаты барысында бүлдіршіндеріміз ұлы жеңіске арналған тақпақтарды жатқа айтып, би билеп, ән шырқады. Сонымен қатар, «Балдырған» шағын орталығының тәрбиешілері қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы шағын көріністі сахналады. Сахналық көрініс арқылы балалар қазақ қызының ерлігіне сүйсіне қарады. Тәрбие сағатының соңында балалар сап түзеп, алауға ұлы отан соғысына қатысқан ардагерлерге арнап гүл шоқтарын қойды.
«Балдырған» шағын орталығының
«Еркетай» тобының тәрбиешісі - Махамбетова А.Б