09.08.2017
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.
Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар. «Балдырған» шағын орталығының «КҮНШУАҚ» тобында «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігі өтті.
Белсене қатысқан ата-аналарға және балаларға жақсы тәрбие,болашаққа жол сілтеген тәрбиешілерге мың алғыс! Ал алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған, балабақша түлектеріне сәт- сапар, биік-биік белестерден көрінулеріне тілектеспін.
Шағын орталық меңгерушісі: Балғадиша Сандыбаева