«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі елбасымыздың мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау барысында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын өткізуде.
Акция еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде өтеді. Ағымдағы жылы республикалық акция «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтілуде.
Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету, қолұшын созу.
Осыған орай мектебімізде жоспар құрылып, іс–шаралардың өткізілуі жоспарлануда:
- Бірінші сынып оқушыларын құрметтеуді ұйымдастыру («Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» және т.б.).әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының бірінші сыныпқа баратын балаларына қайырымдылық іс–шара:
- «Отбасынан отбасына» қолдау: «Баланы мектепке дайындаймыз», «Балаларға мейірім сыйла» қайырымдылық акциялары:
- ағымдағы жылдың 24 және 25 тамыз күндері мектеп жәрмеңкесі ұйымдастыру көзделіп отыр.
Дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс–шаралар ұйымдастырылады.