Біздің мақтанышымыз!
Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Достар» мәдениет сарайында мамыр айында «Анаға тағзым » атты кеш ұйымдастырылып өтті. Бұл сайысқа мектебіміздің 8-сынып оқушысы Ахметбекова Еркежан қатысты. Сайыстың негізгі мақсаты балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген, әлемдегі ең кешірімді,ең мейірімді жан аналарға сый-құрмет көрсету.
Сайысқа облыс бойынша бірнеше сайыскерлер қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтсақ өлең оқу, хореография, ұлттық аспап, ән айту номинациясы бойынша . Бұл сайыс Көкшетаудың «Құрметті азаматы» Болат Ахметжанұлы Көшімбаевтің идеясымен сүйікті жары, аяулы ана Тілеулес Өтеуліқызын еске алуға арналған . Сайыс екі кезеңнен тұрды 1-кезеңде оқушымыз Ахметбекова Еркежан мәнерлеп оқу сайысынан суырылып алға шығып екінші кезеңге жолдама алды. Екінші кезең тамыз айының 18 күні өтті. Сайыстың өту кезеңдері өте жақсы ұйымдастырылған. Бұл жолы да Еркежан сайысқа жақсы дайындықпен барып бас жүлдені қанжығасыны байлап, бағалы сыйлықпен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:
Өлең оқу: гран при иегері Ахметбекова Еркежан, 1 орын Нуртаева Жазира, 2 орын Суворкова Вероника, 3орын Бердюгин Юрий.
Еркежанға болашақта өнерін шыңдап, оқуын жақсы аяқтап, жақсы бір мамандық иесі болуына тілектеспіз.
Білім болды қанатың,
Өсті ойың-санатың,
Құтты болсын жеңісің,
Жалындай бол жанатын!
Махамбетова Шынар Галиевна