Текст
Отбасылық құндылықтар мен жанұяның маңыздылығын насихиттау мақсатында өңірде жыл сайын облыстық «Отаным-отбасым!» атты байқау өткізіліп келеді. Осымен 6 рет ұйымдастырлып отырған шарада өңірдің түкпір-түкпірінен келген отбасылар бақтарын сынады.
Отбасының шығармашылық деңгейін анықтайтын байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашында, әр отбасы өздерін таныстырып, бос уақыттарын қалай өткізетінін баяндаса, екіншісінде өз өнерлерін барша көрерменге паш етті.
Байқауғабіздің мектеп мақтаныштары Сабиевтер жанұясы қатысып белсенділікпен, зор шығармашылығымен көзге түсті. Жалпы байқау қорытындысы бойынша І - ші орын иеленді, бағалы сыйлық табыс етілді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!!!