Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Мектебімізде 29 қыркүйек күні ұстаздар күніне арналған мерекелік сап түзеу өтті. «Жас ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама қойылды. Мектеп әкімшілігі зейнеткер ұстаздарымызды мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады. Мектеп кәсіподағының төрайымы Матина Ж.С.-ның ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайыды. Аудан білім бөлімінің басшысы Тулегенов Ж.М. тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Ә. Махамбетовқа және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі О.А. Темировқа алғыс хатын табыстады, ал мектеп әкімшілігі бастауыш сынып мұғалімі Кабдуллина А.К., Махатова Б.Ж. «Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі Калиева Ш. К. , орыс тілі мұғалімі Махамбетова Г. Х. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Төлегенова Г.Ж, математика пәнінің мұғалімі Болтова А. У. Білім беру жүйесінің мінсіз шығармашылық еңбегі, кәсіптік қызметте жеткен жоғары жетістіктері үшін мақтау қағаздары марапатталды.