"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11.10.2017

1993 жылы 15 маусымда Қазақстан республикасының президентінің жарлығы бойынша біздің елімізде Қарттар күні қазанның 1-і күні аталып өтеді. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да, аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Осы мереке қарсаңында мектебімізде оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Қарттарым - асыл қазынам!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеште мектебімізде бірнеше жыл еңбек етіп, енді бейнетінің зейнетін көріп отырған қарт ардагерлеріміз қонақ болды. Мектеп директоры Д.Д.Калиев қонақтарымызды мерекелерімен құттықтап, олардың киінгі ұрпаққа берген тәлім-тәрбиесінің зор екендігін атап өтті. Кештің құрметті қонақтарына арнап әсем әндер шырқалып, би билеп, игі тілектер айтылды.
Мереке соңында зейнеткер ұстаз Азенова Ш.Қ. сөз алып, алғысын білдіріп, оқушыларға ақ жол тіледі. Сіздерге бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз және де зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш - қуаттарыңыз ұзағынан болғай! Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілейміз сонымен қатар бала- шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортамызда асқар тауымыз болып отыра беріңіздер - дей отыра, мына өлең шумақтары сіздерге арналады. 
Сіздер барда артады берекеміз,
Жақсылықпен қашанда тез өсеміз.
Керегеңіз кеңінен қанат жайып,
Тарқамасын әрдайым мерекеңіз.
Мерекеңіз құтты болсын асыл жандар,
Келеріне білген әрқашан биік заңғар.
Күш - қуат, асыл - сана тірек болып,
Сіз үшін ата берсін бақытты талай таңдар! 
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аухаева А.Т.
Абылайхан атындағы орта мектеп
Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст