"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25.11.2017
Ұлттық  тәрбие - ұлт болашағы  Бурабай тауының бөктерінде орналасқан, қазақтың әдет-ғұрпы, салт- дәстүрлерін сақтаған,  қаймағы бұзылмаған  Қызылағаш ауылының  дәл  ортасында Абылайхан атындағы орта мектебі орналасқан. Аталмыш мектепте оқитын оқушыларымыз тәлім- тәрбие алумен қатар,жыл сайын сабақтан тыс іс- шараларға белсене қатысып, республика, облыс, аудан көлемінде жүлделі орындарды иеленіп жүр. Атап айтсақ, «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» сияқты қазақтың ұлттық ойындары мектебімізде кеңінен насихатталып, өткізілген іс- шараларда  оқушыларымыз биік жетістіктерден көрінуде.  Ұлттық ойындар ата-бабаларымыздан қалған байлығымыз, асыл қазынамыз. Оның бастауы алғашқы қоғамдық қауымда шыққан.Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Ал, ұлттық ойындарымызды үйретуде, күнделікті тұрмысқа пайдалануда, заманға сай ұрпақ тәрбиелеуде денешынықтыру пәнінің мұғалімдері О.А. Темиров және Х.А. Хамиттің  біздің  мектебімізге қосқан үлестерін зор  мақтанышпен айтуға болады.Атап айтсақ, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Қазақ күресі» сайысынан оқушылары облыс, республика көлемінде  жүлделі орындарды иеленіп жүр. Ал биылғы оқу жылында  өткізілген «Жастар- 2018» спортакиядасында «Асық ату» ойынынан аудан, облыс көлемінде 8-сынып оқушысы Сериков Диас пен 9 сынып оқушысы Маратов Нұртілек  1- орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Әрине, бұл жетістіктер біз үшін қуантарлық жағдай. Біз, ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілей отыра, оқушыларымыздың алдағы уақытта да  талай белестерді бағындырып, мектебіміздің мерейін биікке көтереді деп кәміл сенеміз. 
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Аухаева
Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст