11.12.2017
Адамның дене шынықтыру мәдениетін қалыптасу үрдісі мен мұраттары оның жоғары адами құндылықтарымен үндес дамуын анықтайды. ХХІ ғасырда дене тәрбиесі мәдениеті жаңа сатыларға көтерілді. Заман талабына сай жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеудің бір формасы түрлі деңгейде өткізілетін жарыстар болып табылады. "Жастар -2018" аудандық спартакиада бағдарламасы бойынша ұлттық спорт түрі қазақша күрестен жарыс өтті. Осы жарысқа мектептің оқушыларының ұлдары қатысып, 38 кг. салмақта Баянов Дамир 2-орынды, 51 кг. салмақта Тілеубергенов Елнұр 1-орынды және Серікбаев Қадірлі 2 орын, 57 кг. салмақта Сәбиев Данияр 1-орынды, 64 кг. салмақта Серікбаев Қайырлы 1-орын, 81 кг. салмақта Жақыпбеков Нұрсайын 1-орынды иеленді.
Осы жарыстарға қатысқан біздің мектебіміздің командасы жүлделі бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта биік шындардан көріне беруіне тілектеспіз!