"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.02.2018

           Мемлекеттік тілдің білгірлері - біздіңмақтанышымыз! 

 

«Елбасымыздың ««Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда»,- деген сөзін ту етіп, жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде «Жарқын болашақ»  олимпиадасы өтеді. Бұл олимпиаданы өткізудегі басты мақсат – мемлекеттің мәртебесін көтеру , қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету , қазақ және өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды бойына сіңіру болып табылады».   Осы орайда, ақпан айының 8 жұлдызында аудан орталығында   қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 7-11 сынып оқушылары 5 бағыт бойынша («Тілші-әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар»)  бақ сынасып, білімдерін сарапқа салды. 

Байқауға Абылайхан атындағы орта мектептің 10-11- сынып оқушылары қатысып, олимпиаданың нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. «Сөз шеберлері»  бағыты бойынша 11- сынып оқушысы  Амангельдина Нұрғайша  , «Жазушылар» бағытыбойынша Қайырбекова Зарема, «Жас ғалымдар»бағыты бойынша  Қажыбаева Диана   жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен және сыйлықтармен марапатталды. 

Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, әрдайым білімнің биік шыңынан көрініп, болашақтары жарқын болсын дегім келеді. 

Парасатты жүрегің нұр төгеді,
Болдың міне, абыройлы, мәртебелі.
Қыран қонған биіктен көріне бер,
Асқар тау, туған елдің нар түлегі! 

 

 

Просмотров: 1042


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст