"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.02.2018

«Жырлайды жүрек»

 / әдеби кеш /

Осыдан 87 жыл бұрын  ары , жаны мөлдір, өлеңдері келешек ұрпақ үшін мәңгілік мектепке айналған, қазақ жырының бұрын көрінбеген жаңа қатпарларын ашып, қара өлеңді әрбір қазақтың сырласына, мұңдасына айналдыра білген қыран қанат тау ұлы Мұқағали Мақатаев  дүние есігін ашқан. Ақынның әрбір өлеңін оқығанда керемет күй кешіп,  рухани күш аласың. Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі кемел, шаңырағы биік, керегесі кең болуын ойласақ,  жас  ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісінде.  Сондықтан 2018 жылдың 9 ақпан күні ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  Абылайхан атындағы орта мектепте  "Жырлайды жүрек" атты әдеби кеш   өткізілді. Әдеби кештің мақсаты-қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту, ақын өлеңдері арқылы оқушылардыОтаншылдыққа тәрбиелеу, Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту болып табылады.Әдеби кешке  8- 11 –сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін жиылған  көпшілікке  тарту  етті.Таңғажайып  ақынның өмірі мен жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттап,өткізілу барысын кеңінен жеткізген 11-сынып түлектері Қайырбекова Зарема мен Темиров Нұржанкөрермендердің көңілінен шыға білді. Кеш барысында ақынның «Поэзия», «Отан», «Бақыт»,  «Анама» ,  «Әкеме»,  «Туған жерге», атты  өлеңдері оқылды. Ақын өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіре оқыған Ахметбекова Толғанай, Қайратова Алуа, Амангельдина Мөлдір,  Жұмабаева Дамира , Қайсарова  Құндыз , Сәбиев Әлішер, Нұғыманов Әлихан  сындыоқушыларымыз көпшілік алдында жаңа қырынан танылды. «Аққулар ұйықтағанда» атты  поэмасы бойынша 10- сынып оқушылары/Шаймұратова Еркемай, Қаппасов Ербол,Бектасов Жанат, Қажыбаева Диана, Серікбаев Қайырлы/ қойылым көрсетіп, ақын жасаған бейнелерді сомдай біліп, көрермен қауымды өз өнерлерімен тәнті етті.Балалық шақтан таныс болған әуезді «Үш бақытым»,«Сарыжайлау», «Есіңе мені алғайсың» әндері көрермендердің  ыстық лебіздеріне бөленсе, Сүйікті ақындарына арнап 11-сынып түлектері Өмірзақов Алтынбек, Ерікбай Қадырбек өздерінің жүрек жарды арнау өлеңдерін  оқыды.

Кеш соңында мектеп директоры Д.Д. Калиев  Мұқағали поэзиясын сүйіп оқитын көпшілік қатысушыларға алғысын білдіріп: «Мақатаевтың ақыл-парасат туғызушы, шабытқа, ерекше махаббат сезімге толы поэзиясы, әрқашанда заманауи және әлемде мәңгілік өмір сүреді», - деген өзінің жүрекжарды сөздерімен аяқтады.

Алдағы уақыттарда ақиық ақынға арнау өлең де, эссе де  естеліктер де әлі де жазыла берер. Мұқағалидің өзі айтпақшы: «Өлең өше ме, көше ме мәселе сонда!», ал Мұқағали Мақатавтың жырлары күткендерге  көктен түскен жұлдыздай боп, күтпегендерге – мәңгі тозбас асылдай боп, XX ғасырдан  ХХI ғасырға  бар бояуын  жоғалтпай  келгені анық .

Кобенова Гүлмира Сакенқызы

Абылайхан атындағы орта мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

                                           

 

Просмотров: 598


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст