26.02.2018
Аудандық семинар
2018 жылыдың 23 ақпан күні Абылайхан атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында «Функционалдық оқу дағдыларының қалыптасуы»атты тақырыпта аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету, орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылды.Басты
міндеттері мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту болды.
Осы семинарда Кабдуллина А.К жетекшілігімен 1-сыныпта «Астана -отанымның жүрегі» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтсе,ал Махатова Б.Ж.2-сыныпта математика пәні бойынша «Көбейту мен бөлуге берілген теңдеулерді шешу»,Матина Ж.С. 4 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Есіл»тақырыбы нда ашық сабақ өтілді.Бекенова Д.К «Функционалдық сауаттылық-сапалы білім берудің кепілі»тақырыбында коучинг өтті.