«Ұлт ұлы болмайды тәрбиесі, тәртібі болмайынша»
деп Ғабит Мүсірепов айтқандай жас ұрпақ біздің өміріміздің
тікелей жалғастырушысы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы.
Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға.
Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте,
әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің
бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен
жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек
жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. «Адамзаттың бәрін
сүй бауырым деп» Абай атамыз айтқандай, бүгінгі мақсат-әрбір бала
түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және кіші пейілділік олардың
ішінде жан – жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек.
Абылайхан
атындағы орта мектебінің әкімшілігі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2017-18
оқу жылына жоспары бекітілді және ІІБ-мен біріккен жылдық жоспар келісілді. Құқықбұзушылықтың
алдын - алу және тәртіпсіздік болдырмау мақсатында кеңес мүшелері бекітілді.
Жоспарға
сәйкес жаңа оқу жылының басында
кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ата – анасының
қарауынсыз көшеде жүруінің алдын алу бойынша барлық сыныптарда ата – аналар
жиналыстары өткілді. Ата – аналарға балаларының сағат 22 00 –
ден кейін ата – анасының қарауынсыз көшеде жүруіне тыйым салынғандығы туралы
түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатаң ескертілді. 1-11 сынып аралығынан 78 ата-
ана қамтылды. Жоспарға сәйкес түнгі рейдтер айына екі рет жасалады. Рейд
жүргізушілер «Жастар» жедел тобы және мектеп әкімшілігі.
Қыркүйек айында 8 – 11 сынып оқушыларына «Жеке тұлғаның
ұжұмдағы орны» тақырыбында баяндама оқылып, ұлдар кеңесі өтілді.Жалпы 55 оқушы
қамтылды. Кеңес барысында оқушыларға қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу
бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларды тәртіп сақтап, ынтымақты
болуға шақырылды.
Осыған
орай құқықбұзушылықтың алдын – алу бойынша 10 – 11 сынып оқушыларымен
«Біз құқықбұзушылыққа қарсымыз» айдарымен волейболдан сайыс өткізілді.
Қазан айында 9 – 11 сынып оқушыларына көп қылмыстарды жасөспірімдер
ішімдік және наркотик заттардын әсерінен жасайтындығынан «Есіркінін
қаупі» «Ішімдік ішу – у ішу» тақырыбтарында мектеп мейірбикесі Б.Нұрмұханова
оқушыларға баяндама оқып, жиын өткізді.Барлығы 46 оқушы қамтылды.
8 – 11 сынып оқушыларына «Ар - абыройыңды жасыңнан сақта» тақырыбында
баяндама оқылып, ұлдар кеңесі өтілді. Кеңес барысында оқушыларға зорлық –
зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп, ҚР ҚК баптары және түнгі мезгілде
көшеде ата – ананың қарауынсыз жүрмеуі айтылды.
Құқық пәнінің
мұғалімі Ғ.Ә.Махамбетов ұйымдастыруымен «Бала құқығы – адам құқығы»
тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Діни
экстремизмге жол бермеу, діни секталар мен керағар ағымдар іс- әрекеттерінің
алдын алу оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ауыл имамымен 8 – 11 сынып оқушылары арасында жиын
өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Қылмыссыз балалық шақ» айдарымен 8 – 9
сынып оқушылары арасында кіші футболдан сайыс өткізілді.
Аймақтық инспекторы полиция лейтенанты Қалмағанбетов
О.Н. қатысуымен «Полиция біздің досымыз және қорғаушымыз» тақырыбында кездесу
өткізілді. Отырыс соңы сұрақ – жауаппен
аяқталды.
Құқық
бұзушылықтың алдын алу бойынша 9- сыныпта
Болатова А.У. «Заң және мен» 11
сыныпта Исина Қ.Т. «Қылмыс және жасөспірім» тақырыбында ашық тәрбие
сағаттарын өткізді.
Қараша айында 8 – 11 сынып оқушыларына «Тәрбиелі - тәртіптің құлы»
тақырыбында баяндама оқылып, ұлдар кеңесі өтіліді. Кеңес барысында оқушыларды
оқушының міндетін қатаң сақтауы түсіндіріліп, үгіт насихат жұмыстары
жүргізілді.
«Өз баламызды қорғайық» атты тақырыбында 1-11 сынып жетекшілері ата – аналарға
хабарласып, бақытсыз жәйттердің орын алуын алдын алу бойынша өмір қауіпсіздік
ережелері түсіндіріліп, кәмелетке толмағандарға интернет жүйесінің зиянды жағын
ұл, қыздарын тәртібін үнемі қадағалауға және қылмыстың алдын алу бойынша
жасақталған жадынамаларды барлық ата - аналарға оқып беріліп,
таратылып қол қойдыру жұмыстары жүргізілді.
«Біз спортты қолдаймыз» айдарымен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 9 – 11
сынып оқушылары арасында қазақша күрес, асық ату сайыстары өткізілді.
Мектеп
психологы мұғалімдер мен оқушылардан психологиялық тест, сауалнама алды.
Ата-аналармен жүргізілетін жалпы құқықтық білім беру бағдарламасын іске асыру
мақсатында «Біз қандай ата-анамыз?» тақырыбында сауалнама өткізілді.
Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында 7 – 8 сынып оқушылары арасында
дойбыдан «Біз спортты таңдаймыз» айдарымен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша
сайыс өткізілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай 8 – 11 сынып оқушыларының қатысуымен
«Қылмыссыз қоғам» айдарымен дөңгелек үстел өтілді.
Аймақтық
инспектор О.Н.Қалмағанбетовтың қатысуымен әлімжеттік күш қолдану
кәмелетке толмаған балалардың бір – біріне зорлық көрсетуіне қатысты қылмыстық
жауаптылығы туралы кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Барлық сынып жетекшілер «Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында ата – аналар жиналысын
өткізіп, барлық ата – аналардан балдарының «Жаңа жыл» мерекесі және қысқы
каникул кезіндегі өмір қауіпсіздігі және тіршілік қауіпсіздігін өз мойындарына
алатындығы туралы міндеттемелер алынды.
Әр
күні оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріліп, келмеген оқушылар сынып
жетекшілеріне айтылып, келмеу себептері анықталады. Сабақты себепсіз босататын оқушылар жоқ, сабаққа үнемі
кешігуші оқушылар жоқ.
Барлық
каникул кездерінде мектептің мұғалімдерінен құрылған «Жастар» тобы түнгі
рейдт кезекшілігін ұйымдастырып, оқушылардың түнгі мезгілде ата – ананың
қарауынсыз көшеде жүрмеуі қатаң қадағаланады.
Айына
бір рет құқықбузушылықтың алдын алу және ықтимал қауіптерді болдырмау
мақсатында оқушылардан иесі бүркемеленген сауалнамалар алынып, нәтижесі
зерделенеді.
Мектептің
оқу-тәрбие үрдісінде ата-аналар көмек көрсетеді.Төрайымы-Лекерова С.А.,
орынбасары Макенова А.К. мектептің ата-аналар комитетінің жұмысына іс-шаралар,
жағдайсыз отбасыларына рейд, тамақтандыруды ұйымдастыру, «Қамқорлық»
қайырымдылық акциясы сияқты жұмыстарды өткізеді.
Үлегерім
мен сабаққа қатысу күнде бақылауға алынып апта соңында талдау жасалады. Сабаққа
қатысу мәселесі директордың жанындағы отырысында, заң бұзушылықтың алдын алу
кеңесінде тыңдалады.
Заң бұзушылықтың алдын алу жұмысында мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын өткізуіне
үлкен көңіл бөлінеді. Мектепте 6 спорт секцияларына 74 оқушы, 10 үйірмелерге 98
оқушы және 3 клубқа 30 оқушы қатысады.Жалпы оқушылар 100%
қамтылған.
Абылайхан атындағы орта мектепте ІІБ-де есепте тұрған оқушылар жоқ.