Текст
Ұстаз – ұлағатты ұғым . Ұстаз .... Қандай қасиетті сөз !
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып , құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. Ұстаздар күнінің төл мерекесіне орай «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері мен тәрбиешісі Махамбетова Айжан Беркінбайқызы «Ұстазға мың алғыс» тақырыбында тәрбие сағатын өткізе отырып, барша мектеп ұстаздары мен шағын орталық тәрбиешілеріне еңбекте жеміс, шығармашылық табыс тілейді.