Текст
1-маусым Балаларды қорғау күні және "Күншуақ" мектеп алаңындағы лагерьдің ашылуы қарсаңында "Өлкенің гүл жайнаған балғындары" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аухаева Алма Тополевнаның құттықтауымен ашылды. Іс-шара барысында ән айтылып, би билеп, ойындар ойнатылды. Сурет сайысы " Бақытты елдегі -бақытты балалар" такырыбында, бастауыш сынып оқушылары аралығында"Көңілді мәрелер спорттық ойындар ойнатылды.Әуеге "Батпырауык" ұшырылып,балалар мәз-мейрам болды.Іс-шара соңында сайысқа қатысқан оқушыларды марапаттап, ауыл мешітінің демеушілігімен барлық балаларға балмұздақ таратылды.