"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің – әз Наурыз!»

03.04.2019

«Қош келдің – әз Наурыз!»

 

22- наурыз  -Ұлыстың  Ұлы күні. Бұл мереке табиғатпен адамның үндестігін көрсетеді . Наурыз достық , еңбек, бейбітшілік  мерекесі.  Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген  ренішін  ұмытып , өзіне де, өзгеге де жақсылық тілейді.  Бұл күні  әр түрлі  іс-шаралар өткізіліп, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетіп қастерлейтін ерекше мереке болып саналады.

Осы орайда Абылайхан атындағы орта мектептің «Балдырған» шағын орталығының «Күншуақ», «Еркетай» және «Балапан» топтарында «Қош келдің – әз Наурыз» атты тақырыпта ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгіліктерге аталар мен әжелеріміз шақырылып немерелерімен ұйымдастырылған іс-шараларға қатысқан болатын. Осы орайда ертеңгілігімізде әжелеріміз шашу шашып  бүлдіршіндеріміз «Шашу» биін билеп мерекеміздің бастауы болды. Сондай-ақ, «Батырлар», «Домбыра» билерімен жалғасын тапқан іс-шара, мерекеге арналған ән, өлең жолдарымен жалғасты. Әжелеріміз баланы «Бесіке салу», «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетті. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай қонаққа келіп, түрлі ұлттық ойындарды асық ату, қыз қуу, арқан тарту ойнатып, балалардың көңілдерін көтерді.

Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсете отырып, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Ұлттық тағамымыз наурыз көже, бауырсақ, тәтті тағамдардан дастархан жайылды. Ертеңгілігіміздің соңында ұлттық тағамымыз наурыз көже ұсынылып, әжелеріміз ақ тілектерін айтып баталарын берді.

 

Отанымызға береке, халқымызға игілік, мемлекетімізге молшылық, әр шаңыраққа бақытпен шаттық тілей отырып, еліміз өркен жайып жыл сайын Наурыз мерекесі баршамызға сәттілік алып келе берсін деген ізгі тілегіміз бар.

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст