Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер - Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па? Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» дегендей көктем мезгілінің алғашқы мерекесі 8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күніне арналған Абылайхан атындағы орта мектептің 3 сынып оқушылары «Көктем аруы» қыздар сайысын өткізді. Мақсаты: болашақ арулардың бойына қазақы тәрбиені сіңіру, «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің жан-жақты сұлулықтың белгісі екенін түсіндіру. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.«Тегін білу тектілік» (өзін таныстыру), «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету), «Білгенге маржан» (Сұрақ-жауап), Шебер қолдар (ою қиып жапсыру), Қыздарға әсемдік жарасады (сән үлгісі). Кезең арасында «Ыстық алақан» , «Қыздарға сый» ойындары ойнатылып, ұлдар тақырыпқа сай әдеби- монтажын оқыды. Қорытындысында қыздар түрлі номинациялар бойынша марапатталды