"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ана – өмірдің шуағы

13.03.2019

Ана – өмірдің шуағы Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп білу мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң. 
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын,-дей келе 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Балапан» тобы, «Еркетай» тобы «Күншуақ» тобы аналарға арнап ертеңгілік ұйымдастырды. Ертеңгілікте бүлдіршіндер тақпақ оқып, « Анамның жүрегі» биін билеп, «Ақ дидарлы анашым»,» «Мен ауылға барамын» әндерін айтып аналары мен әжелерін мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында «Күншуақ» тобының арулары арасында «Балдырған аруы» сайысы өтті.Сайыс таныстыру, өз өнерін көрсету, сәндік киім үлгісі және сұрақ-жауап сынды 4 кезеңнен өтті.Сайысқа Өскенбай Інжу Совет Еркеназ,Сағат Жансая, Орынбай Еркеназ, Мырзаханова Каусар, Бекет Сезім ару қыздарымыз қатысып, өз бақтарын сынады.Сайыс қорытындысы бойынша «Балдырған аруы» тәжін Совет Еркеназ бен Бекет Сезім ұтып алды. Аяулы да ардақты тәрбиешілеріміз Махамбетова А.Б.,Лекерова Ж.М.,Калиева Ш..К., Данаева Р.А. ұйымдастыруларымен өткен мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.Ата-аналар, ақ жаулықты әжелер тәрбиешілерге бата беріп,шығармашылық табыс тіледі.

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст