Ауғанстан- жүректегі жазылмас жара
2019 жылдың 11 ақпан күні Ауған ардагерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алу, қатысуышыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету мақсатында мектебімізде ашық тәрбие сағаты, дөңгелек үстел және концерттік бағдарлама өтті. Бұл іс-шараға ауданнан арнайы қонақтар, ауыл ағалары шақырту алды. Олар: Исин Б.А. Уалиев Қ.Қ. Шукаев Ә.М. сондай-ақ ауданнан келген қонақтар.
Іс-шара барысында мектеп директоры Калиев Дидар Досымжанұлы және ауыл әкімі Қалмағанбетов Ғарифолла Қабдоллаұлы батыр ағаларымызды құттықтай отыра, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар ауданнан келген қонақтарымыз мектебіміздің оқушыларына алғыстарын білдіре отыра арнайы грамоталармен марапаттады. Бұл кеште батырларымызға арналған әсем әндер, әдеби монтаж, билер қойылды. Ауған соғысы әскерінің шығуына биыл 30 жыл толып отыр. «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес». Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Соғыстың аты- соғыс. Ол адам өміріндегі ең қатыгез әділетсіздіктің шыңы. Ол жерде қан төгілмей тұрмайды. Ауған соғысы-он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих, ол ұмытылмайды және ұмытылуы мүмкін емес.