"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Асыл мұра – өшпес қазына

03.02.2019

Асыл мұра – өшпес қазына

     2019 жылдың 31 қаңтар күні  Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде Абылайхан атындағы орта мектепте  «Асыл мұра» клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шараға Бурабай ауданы білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі бас әдіскер Федорова Татьяна Петровна, аудандық мектеп мұражайлар меңгерушісі Жаныбекова Гүлнар Сейітқалиқызы және Бурабай ауданының мектеп директорларының   тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасарлары  қатысты.  

  «Асыл мұра» клубының ашылу мақсаты: отбасы құндылығы мен салт-дәстүрлерімізді насихаттау .

          Іс-шара барысында мектеп дәлізінде бастауыш сынып және  технология мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен  ауыл тұрғындарының ұлттық нақышта жасалған қолөнер көрмесі өтті. Кез келген отбасында  үш кезең орын алады Олар: нәрестені бесікке салу рәсімі, қыз ұзату, сыңсу,сонымен қатар «адам –өмірінің бір дәуірі»-  қарттық шақ, ата-әже атану.

      Осыған орай 9-сынып оқушылары қазақ халқының ұлттық дәстүрі «бесікке салу» рәсімін көрсетті. 10-сынып оқушылары сыңсу дәстүрінен көрініс көрсетіліп, әжелер ән шырқап, ауылымыздың қадірлі де құрметті ақсақалы Хасенов Белгібай атамыз жиналған қауымға бата берді. Келген қонақтарымыз мектеп өлкетану мұражайына саяхат жасады. Іс-шара  «Отбасым- бақыт мекенім» атты  ашық тәрбие сағаты, Бұл палата «Ел ертеңін жастар ақтайды» тақырыбында пікірталаспен жалғасын тапты. Сондай-ақ, «Бақытыңды-балаңнан ізде» тақырыбындағы  дөңгелек үстел ауылымыздың үлгілі  Хасеновтар және Уалиевтар отбасының қатысуымен қызықты да мағыналы болды.

     «Асыл мұра» клубының ашылу салтанаты өте ауқымды әрі қызықты, мән мағынасы зор, жастарға тәлім-тәрбие берерлік үлгіде өтті.

Просмотров: 604


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст