«Өзін – өзі тану: Сүйіспеншілік және Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің аясында 4-ақпан күні «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваға арнап, мектеп кітапханашысы Әсия Молдашқызы «Асыл жүрек Анамыз» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Сонымен қатар, түстен кейін бастауыш сынып мұғалімі Динахан Кенжебайқызының жетекшілігімен 3-сыныпта «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша сабақтан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар өз отбасыларының өзіндік салт-дәстүрлерін әңгімелеп, оларға деген сүйіспеншіліктерін шығарма жазу және суреттер арқылы жеткізді.