Текст
24 қараша 8 сынып оқушыларымен«Табиғатты қорғау – болашақты сақтау» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын ашады. Әрбір адамның табиғатқа деген жауапкершілігі тек бүгінгі күнмен шектелмейді, ол келешек ұрпақтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Энергияны үнемдеу, су мен ауаны ластамау, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету – табиғатқа жанашырлық пен қауіпсіз өмір салтын қалыптастырудың негізгі көрсеткіші. Сондықтан табиғатты қорғау – ортақ міндет, ал табиғатқа құрмет көрсету – болашаққа жасалған ең үлкен жақсылық.