Текст
Қарашаның үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Осыған байланысты біздің мектепте «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» туралы 5 сыныпта таныстырылым өтті.
Таныстырылым барысында оқушылар бағдаршамның қызметі, жол белгілерінің түрлері, жаяу жүргіншілер өткелі және тротуарда жүру ережелерімен танысты. Мұғалім балаларға жолда абай болудың маңызын түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауды айтты.