Текст
«Мектепке дейінгі білім мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық – үздіксіз білім берудің алтын көпірі» тақырыбында мазмұнды коучинг өтті.
Мақсаты – балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту, бала дамуының үздіксіздігін қамтамасыз ету.
Коучингке тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері, психолог пен әдіскер қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Психологиялық тренингтер,
Топтық жұмыстар,
Слайд пен рефлексия кезеңдері – барлығы қатысушыларға жаңа ой, тың серпін берді.
Іс-шара нәтижесінде педагогтер үздіксіз білім берудегі сабақтастықтың маңызын терең түсініп, алдағы уақытта бірлескен жұмыс бағыттарын айқындады.