Текст
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша 6 сынып ата-аналарымен
“Бүкіл отбасына пайдалы рацион" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыстың
Мақсаты: Баланың салауатты өмір салтының шарты ретінде ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. Теңдестірілген рацион отбасындағы әрбір мүшенің денсаулығын сақтауға және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ата-аналардың дұрыс тамақтану әдеттерін ұстануы балаларға үлгі болып, олардың болашақта салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді. Сонымен қатар, дұрыс жоспарланған отбасы рационы түрлі аурулардың алдын алуға және денсаулықтың нығаюына септігін тигізеді.
Өткізген: Калиенов М.С.