"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі балалардың мнемотехника арқылы есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту (әдістемелік кеңес)

10.03.2021

Мақсаты: Мнемотехниканы қолдану нұсқаулары арқылы  балалардың- ой өрісін дамытуға ,  қиялын шарықтатуға,  тіл байлығын  молайтуға, адамгершілікке , тапқырлыққа , шапшандыққа баулу.

Міндеті:  Балаларды мнемокестелер  арқылы ертегіге , әңгімелерге сүйіспеншіліктерін ояту, қиялдарын қанаттандыру,  ұлттық рухты бойларына сіңіру.

«Мнемотехника»   және   « мнемоника»   сөздері бір мағынаны білдіреді   -  есте сақтау , жаттап алу техникасы. Ол грек тілінен  « mnemonikom»  сөзімен  таныс  - есте сақтау жаттап  алу өнері.  Бұл сөзді ойлап тапқан  Пифогор Сомеский деп саналады.

Алғашқы  мнемотехника  ұзын сөздерді  есте сақтау үшін қолданылған.

Заманауи  мнемотехника  тиория , техника жағынан алға жылжи бастады. Мнемотехниканың  көмегімен кез  келген  қиын  ақпаратты  есте сақтауға  болады.

Заманауи  мнемотехникаға келесі  анықтамалар  береді.

«Мнемотехника»  - есте сақтау өнері , есте сақтау  және  ойлау қабілеттерін  қатысты  әдіс – тәсілдер.

Мектепке дейінгі  бала  есте  сақтау  мен  қабылдауы  жоғары  қабілетімен  ерекшеленеді.  Сонымен қатар  дыбыстық  және  көру  қабілеттері  де дамиды.   Мектепке  дейінгі  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  қараса   осындай қортындыға келуге болады,  сөйлейтін суреттерді пайдалану  әңгіме  құрастырғанда , өлең  жаттауда  жеңілдетеді  және есте сақтау  процесін   тездетеді.

Сызба - схемалар  тақырыптарға  байланысты  үйренген   жеке  сөздермен   сөйлем  құрастыруға,   сөйлемдермен  әңгімелер  құрастыруға  таптырмайтын қазына  .   Сызбаларға  қарап  балалар  әңгіме құрауға  тез  үйренеді .   Әсіресе   отбасы  тақырыбына  арналған  сызбаны  әр оқу  қыметінде пайдалануға болады  .  Бұл сызбаға қарап , балалар отбасы  мүшелерінің  атауын  тез  есте  сақтауға,  адамдардың әрекеттерін  әңгімелеуге  үйренеді.

Жеміс  көкеністерге  арналған  сызба  бойынша  балалар  олардың   түрін, түсін ,  дәмін қайда  өсетінін   сипаттап   бере  алады.    Мысалы , алманы  сипаттау:   алманың түсі қызыл , пішіні  - домалақ , дәмі – тәтті.  Ол ағашта  өседі  , жеміс.  Біз  оны  жейміз.

Ойыншықтарға арналған сызба   бойынша  балалар  олардың  түсін  пішінін,  мөлшерін  атап  беруге үйренеді.

Мектепке дейінгі балалардың  өлеңдерді мәнерлеп  жаттауға,  шығармаға сай ырғақты   сақтауды   үйренеді.   Балалармен   бірге  қайталағанда  педагог  интонацияға,  дикцияға ,  дем алуына   назар   аударады . 

Маңыздылығы

Кейінгі кездерде  балалардан  келесі  проблемаларды  байқауға  болады:  сөздік  қорларының  аздығы  ,  байланыстырып  сөйлеу  қабілеттерінің  нашар  жетілгені  ,  дыбысттық   мәдениетігінің  төмендігі   , зейіндерінің ,   ойлау қабілеттерінің  нашар  дамығаны.

Сондықтанда  біздің  алдымызға  келіп  тірелген   мақсаттардың бірі,   ол:  балаларды байланыстырып   сөйлеуді ,  ойларын  граматикалық  дұрыс  құрап жеткізу ,  айналада  болып  жатқан  оқиғаларды  жеткізе  алу   болып  келеді.

  Мнемокесте  ол  сызба ,  онда  негізгі  ақпарат  беріледі . Мнемокесте  ол да күнделікті  жұмыс  сияқты,  қарапайымнан  күрделіге  көшеді.

Сәбилер  және  ортаңғы  топтарында  кестелер  түрлі -түсті  болғаны  жөн , себебі  олардың  естерінде  ерекше  образдар  қалыптасысып  отырады

 Тақпақтар мен өлеңдер

Мнемотехниканы  өлең  жаттаған  кезде  қолданған  нәтижелі  болады .  Оның  мәні  мыналардан  тұрады: әр сөзге немесе  кішкентай  сөз  құрамына  бейне  ойланып  табылады  ,  сөйтіп  бүкіл  өлең  жолдарына  сызба  құралады.  Кейіннен  балалар графикалық  сызбаны  қолдана  отырып  өлең  жолдарын  толығымен  оқуға  тырысады.  Алдыңғы  кезде   тәрбиеші   балаларға  дайын сызбаны  ұсынады  , кейіннен  сызбаны  балалармен  дайындауға  болады.

  Мазмұндау

Мазмұндауда  байланыстырып  сөйлеуге ерекше  орын  бөлінеді.  Бұл  жерде сөйлеу құрылысы , сөйлем  қабілеті  жетіледі.  Мазмұндау  кезінде  мнемокестені   қолдану  сөйлемді дұрыс құрауға  бағыт  береді.

Творчествалық  әңгімелер

Балалар  ертегі  немесе  әңгімені  құрауды   ұсынғанды  қуанышпен  қабылдайды.  Бірақ әңгімелер   бір  қалыпты  болмас  үшін,  логикалық  дұрыс  құрауларына   мнемокесте  көп  көмегін  тигізеді.

Қортындылай  келгенде ,  кез  келген  мнемотехникамен   жұмыс  баланың  қызығушылығын  оятады .

Баланың  тілімен  ойын  дамиды.

Қоршаған  орта  жайлы  балалардың  білімдері  кеңейеді.

Балалардың  ұялшақтығы  жойылады , өзін – өзі  ұстауы  қалыптасады.

Халық ауыз әдебиетіне  балалардың  сүйіспеншілігін  тәрбиелейді.

Просмотров: 1079


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст