"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кубенова Айсұлу Кушпаевна, құрмет грамотасы

10.03.2021

Кубенова Айсұлу Кушпаевна 2008 жылдан бастап Абылайхан атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді. Білімі жоғары, педагог –сарапшы. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.
Аудандық «Ең үздік заманауи бастауыш сынып мұғалімі » атты аудандық әдістемелік сайысқа қатысып, жүлделі II орынға ие болды. Оқушылары аудандық, облыстық ғылыми жобада жүлделі орынға ие болуда. Айсұлу Кушпаевна оқушыларды шығармашылық ізденіске бағыттап, ізгі адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп , өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, әр сабағын тартымды , қызықты, мазмұнды өткізуге ұмтылатын ұстаз.

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст