"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шыңықсаң шымыр боласың! (спорттық сайыс.)

09.03.2021

Мақсаты: Спорттық білімдерін тереңдету және бекіту, ойын тәртібін сақтап, сапта өздерін еркін ұстауға баулу, спортқа қызығушылығын арттыру, балалардың өзара достық қатынаста болуы және жолдастарының жетістігіне қуана білуге тәрбиелеу, денсаулығын арттыру.

 Қажетті құралдар: Топ  іші мерекеге сай безендірілген  эстафеталық заттар, түрлі-түсті шарлар, доптар, арқан.

 Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері және спорт сүйер қауым бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында имандылық сана-сезім қалыптасқан, мәдениетті дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының балабақшаның борышы мен міндеті екені баршаға мәлім. Бүгінгі «Күншуақ» және «Еркетай» тобының тәрбиеленушілер арасында өтетін спорттық сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

«Қыран» , «Жалын» және «Достық» командалары бүлдіршіндеріне ойын барысында ептіліктерін көрсетіп спорттық жеңістің биік шыңынан көрінулеріне тілектеспіз.

Жүргізуші: Міне барлық балаларды ұлдармен қыздарды спорттық жарысқа қатысушы командаларды қарсы алайық.

Ортаға қызыл киім киген «Қыран» командасын ,сары киім киген «Достық» командасын және көк киім киген «Жалын» командасын  ортаға шақырамыз.

Бүгін «Балдырған»  шағын орталығымызда өтетін спорттық сайысты ашық деп жариялаймын.

Команда тік тұр!

Әнұранды орындау.

3 топ ұрандарымен таныстыру.

Әділқазы бағалар

Балалардың сайысын

Ешкімің жоқ алалар

Жеңімпаз болу үлкен сын- деп, сайысымыздың әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстыруға, рұқсат етіңіздер!

 Бүгінгі ойында сіздерге әділ бағасын беретін қазылар мен таныстырып өтейін.

  1. Балабақша меңгерушісі: Сандыбаева Б.Б
  2. Балабақша психологі:  Казбекова Ж.С
  3. Балабақша тәрбиешісі: Лекерова Ж.М

 Енді сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!

 Жарыс 4 кезеңнен тұрады.

  1. «Кім жылдам» эстафетасы
  2. «Білек күші» сайысы
  3.  «Арқан тартыс» сайысы
  4. «Капитан командалар» сайысы

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Өнер қуып топ өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

(Әр топ топтың аты мен ұрандарын таныстырып өтеді)

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

 

Олай болса, сайысымызды бастайық.

I: «Кім жылдам» эстафетасы
Ойынның шарты: Үш команда бір-бірінің артына сапқа тұрады. Әр команда қатысушысы «Шұңқыр ұядағы» допты ала келеді . Қайтып келісімен келесі қатысушыға тапсырады.Ол бала сол допты «шұңқыр ұяға» салу керек.Қай топ бірінші келсе, сол жеңімпаз болады. Әділқазылар алқасы  бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.

II:  «Білек күші» сайысы
Ойынның шарты: Әр топтан 3 ер баладан шығады.Қарсылас топпен күш сынасады. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Серіту сәті:

III: «Арқан тартысу»  сайысы

Ойынның шарты: Әр топ бір-бірімен арқан тартысады. Қай топ қарсыласын сызықтан тартып шығарады, сол топ жеңіске жетеді. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.

IV: « Капитан командалары» сайысы:

Ойынның шарты: Шар үрлеу.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Көрсетті міне, өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, – деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
(командаларға мақтау қағаздары табыс етіледі)

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, – демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» жарысын осымен аяқтаймыз!

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!

Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

Сау болыңыздар!

 

Просмотров: 888


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст