Текст
Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының ЖОББМ "Сапалы ұйқы -балалардың дамуы мен денсаулығының негізі " деген тақырыпта ата-аналарды педагогикалық қолдау отырысы өтті. Мақсаты баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата -аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру. Отырыста " Әр елдің амандасуы" тренинг өтті. Сапалы ұйқы болмағанда қандай жағдайға ұшырайтыны туралы видео қаралып, талқыланды. "Ұйқының функциялары" тақырыбын талдап топтық жұмыс жүргізілді. Дұрыс ұйқы ережелері құрылып, жағдаяттар шешілді. Отырыс соңында "Түстер шоғыры" рефлексиясы жасалды. Жауапты бастауыш сынып мұғалімі Махатова Б. Ж.