"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Италия мемлекетінің астанасы Римде өткен Халықаралық Fibonacci International Robot Olympiad әлемнің түкпір-түкпірінен робототехника әуесқойларының басын қосатын ең ірі жарыстарының бірі. 28 мемлекет қатысқан жарыста Бурабай ауданындағы Қызылағаш ауылы Абылайхан мектебінің командасы әлем чемпионы атанды. Еліміздің намысын Жеңіс Дидар, Қаппасов Дидар, Кәдірбай Нұрәлі қорғаған. Жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Нұржан Әбілжанов. Жарыс 14 санат бойынша өтті. Бір санатқа бір мемлекеттен 5 команда қатыса алды. Нәтижесінде Қазақстаннан келген командалар үш орынға ие болды. Оның ішінде «Lego Line Following» санатында Ақмола ауылдық мектебінің командасында 1 орында. «Халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысып, ел намысын қорғап, биік жетістіктеріне жеткендеріне қуанышты және жеңіспен оралуына ұстаздарымызға ризашылығымызды білдіреміз!» – деді бурабайлықтар. Естеріңізге сала кетейік, бұл команда Республикадан өтіп, Турция мемлекетінің Анталия қаласында өткен Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп Римге жолдама алған болатын. Айта кетейік, Ақмола облысында 200-ден астам мектеп робототехника кабинеттері мен элементтерімен жабдықталған және 80-нен астам робототехника үйірмелері жұмыс істейді

09.12.2024

🔹Италия мемлекетінің астанасы Римде өткен Халықаралық Fibonacci International Robot Olympiad әлемнің түкпір-түкпірінен робототехника әуесқойларының басын қосатын ең ірі жарыстарының бірі. 28 мемлекет қатысқан жарыста Бурабай ауданындағы Қызылағаш ауылы Абылайхан мектебінің командасы әлем чемпионы атанды.

Еліміздің намысын Жеңіс Дидар, Қаппасов Дидар, Кәдірбай Нұрәлі қорғаған. Жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Нұржан Әбілжанов.

Жарыс 14 санат бойынша өтті. Бір санатқа бір мемлекеттен 5 команда қатыса алды.
Нәтижесінде Қазақстаннан келген командалар үш орынға ие болды. Оның ішінде «Lego Line Following» санатында Ақмола ауылдық мектебінің командасында 1 орында.

«Халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысып, ел намысын қорғап, биік жетістіктеріне жеткендеріне қуанышты және жеңіспен оралуына ұстаздарымызға ризашылығымызды білдіреміз!» – деді бурабайлықтар.

Естеріңізге сала кетейік, бұл команда Республикадан өтіп, Турция мемлекетінің Анталия қаласында өткен Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп Римге жолдама алған болатын.

Айта кетейік, Ақмола облысында 200-ден астам мектеп робототехника кабинеттері мен элементтерімен жабдықталған және 80-нен астам робототехника үйірмелері жұмыс істейді.

Просмотров: 720


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст