Қазанның екісі күні "Ұлы даланың ұлы тұлғасы" атты тарихи кеш өтті. Ұлы даланың ұлы тұлғасы Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 110 жыл. (15.02.1915, Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 06.05.1966, Алматы) — тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы профессор, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі (1962 жыл).
Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары Қазақ университеті (қазіргі Санат) баспасынан жарық көрді.
Өткізген тарих пәнінің мұғалімі: Калиева Н.Н.