"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық оқу қызметі («Күншуақ» ересек тобы)

02.03.2021

Ашық оқу қызметі

(«Күншуақ» ересек тобы)

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, зейін қойып тыңдауға, үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу. Сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасау.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, слайд
Полилингвалды компонент: ит –собака-dog, мысық-кошка-cat, жылқы-лошадь - horse
Тәрбиеші:
Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме!, Здравствуйте! Неllo!
Шаттық шеңбері.
Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге .

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
«Қар жинау» ойыны
- Өте жақсы. Жарайсыңдар!
- Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі жатады.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
- Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің баласы - бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың

 сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін кім табады екен?
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.
Балалар: Қой - мә - мә маңырайды
Ой, бәрекелді балалар жарайсыңдар!

Екеуі елеңдеп келеді
Төртеуі төбелесіп келеді
(Жылқы) Жылқы - е - е - е кісінейді
(Слайдтан көрсету) Дыбыстарын тыңдату.
Дыбыс естейді: «Ғажайып сәт»
Бақташы ата: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
- Бұл қай жер екен?
- Балабақша.
- Қандай балабақша?
-«Балдырған» шағын орталығы
- Естілмейді қандай балабақша?
-«Балдырған» шағын орталығы
- Мен, шығып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдер ме?
Балалар:- Жоқ
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз! Бүгінгі оқу іс - әрекетінде Үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.
Бақташы ата: Жарайды балалар, ендеше мен сендермен бірге ойын ойнап жіберейін, келісесіңдер ме?
Балалар: Жарайды
Ойынды екі топқа бөлініп ойнап көрейік.
1 - топпен «Жануарлардың төлдерін тап» сызба бойынша
2 – топпен «Не артық?» ойыны
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:
Жел бетке еседі,

Ағаштар тербеледі.

Жел тынышталады ,

Ағаштар биікке өседі.
Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.

Тәрбиеші: Қане, балалар Бақташы атамызбен бірге «Дауысын айнытпай сал»
ойының ойнайық.
(Төрт түліктің даусы естіледі)

 Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты
Бақташы ата: Ой, балалар менің төлдерімнің даусына ұқсайды.
Бала: Сүйінші, сүйінші ата сіздің қозыңызды тауып алдым
Бақташы ата: Рахмет, балам өркенің өссін! Сүйіншіңді ала ғой. Балалар, менің қозым Қане, балалар ұстап көріңдерші. Қандай екен?
Балалар: Сүйкімді, әдемі, кішкентай.
Бақташы ата: Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, мұны ауылдан әжелерің беріп жібірді дәм татыңдар балалар. Жақсы сау болыңдар!
Тәрбиеші: Рахмет, бақташы ата сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Соу болыңыз!
- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
- Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
- Жылқы малы қандай өнім береді екен?
- Сиыр бізге кандай өнімдер береді екен?
- Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Жылқы - кісінейді
Сиыр - мөңірейді
Қой, ешкі - маңырайды
Түйе - боздайды.
Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз!Досвидание! деп айтамыз.

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст