Текст
Өзіңді тану – ғаламды тану,
Жақсы менен жаманды тану.
Өзіңді - өзің талқыға салып,
Адал менен арамды тану,- демекші бүгін «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде» 2-12 ақпан аралығында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Мектеп дәлізінде арнайы бұрышқа онкүндіктің жоспары ілінді. Сонымен қатар, 2-сыныпта «Бәрін жүрегіңмен өлше» атты өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ өте қызықты, әрі тартымды болды. Сабаққа балалар белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.